1 кезеңде:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуғаалдын ала ұсыныс;
2 кезеңде:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға толық ұсыныс;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның бизнес-жоспары;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспардың жобасы;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындарды түсіндірумен шығыстар сметасының жобасы;
5) заңды тұлғалар үшін – жарғының көшірмесі (үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асырған кезде – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік);
6) есепке алуы мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) туралы мәліметтер;
7) жабдықты жеткізуге арналған алдын ала шарттардың және (немесе) келісімдердің, оның ішінде лицензиялық келісімдердің көшірмелері (бар болса);
8) жабдықты тасымалдауға (жеткізуге) жасалған шарттардың көшірмелері (бар болса);
9) бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардан басқа қажетті мамандарды, олардың жұмыс түрлерін, көлемдерін, мерзімдерін және олардың жұмысына ақы төлеуді сипаттайтын мамандандыру бөлігінде олардың саны көрсетілген бағдарламалық өнімді әзірлеуге арналған техникалық ерекшелік ( бағдарламалық өнімді әзірлеу кезінде);
10) дипломдардың және (немесе) сертификаттардың немесе жоба топ мүшесінің біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
11) Excel форматындағы жобаның қаржылық үлгісі;
12) акселерациялық және бизнес-инкубациялау бағдарламасының аяқталғанын растайтын құжат.
Шарт жасасу үшін – жоғары органның инновациялық грант беру туралы шарт жасасу туралы шешімі, басшыға және (немесе) уәкілетті тұлғаға инновациялық грантты алуға байланысты құжаттарға қол қою құқығын беру туралы шешім .
Өтінімді портал арқылы берген жағдайда 5, 7, 8 және 12-тармақтарда көрсетілген құжаттар электрондық көшірмелер түрінде ұсынылады.