Қазақстан машина жасаушыларының форумы аясында «Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары» конференциясы өтті, онда Қазақстанның химия өнеркәсібінің ағымдағы жағдайы мен кедергілері, сондай-ақ химия өнеркәсібінде ШОБ – ті дамыту, саланың инвестициялық мүмкіндіктері, оның ішінде мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.
Ұйымдастырушылардың шақыруымен конференцияға «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Перспективтік даму орталығының директоры – Данияр Асылбекұлы Бектенов қатысты.
Данияр Асылбекұлы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант алу арқылы ШОБ субъектілерін өтеусіз мемлекеттік қолдау алу мүмкіндіктерімен және шарттарымен, сондай-ақ негізгі бағыттарымен таныстырды.
Осы іс – шараны «KAZХИМИЯ химия өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырды.