Jasyl Arystan: экология саласында инновациялық шешімдер жасаңыз.
Қазақстанда Jasyl Hackathon республикалық экологиялық марафонының қорытындысы шығарылды. Мұндай шара республикада алғаш рет өткізілді. Соңғы екі ай бойы Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан 17 команда елдегі экологияны жақсартуға бағытталған жобалармен сайысқа түсті.
Эко-хакатонның ұйымдастырушысы – бірнеше жылдан бері қазақстандықтардың экологиялық мәдениетін арттыруға бастама көтеріп келе жатқан Jasyl Arystan экологиялық қоры. Қордың идеологиялық дем берушісі және төрайымы – Ережепова Гулнара Едиловна. Оның айтуынша, эко-хакатонға қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен Қазақстанның экологиялық болашағына бей-жай қарамайтын әр түрлі кәсіп өкілдері шақырылған.
Эко-хакатонға қатысуға еліміздің барлық аймақтарынан 100-ден астам өтінім келіп түскен. Финалға 14 топ шықты. Олар мобильді қосымшаны әзірлеу, өңірлік қоғамдық мәселелерді шешу үшін инфрақұрылым, оқу-ағарту экожобаларын әзірлеу, эко-сөмкелер шығару идеялары, қалдықтарды қайта өңдеудің технологиялық шешімдерін жасау, автокөлік сүзгілері және т.б. сияқты жобаларды ұсынған.
Хакатон қорытындысының ресми жариялануы YouTube арнасындағы Jasyl Arystan қорының алаңында онлайн режимінде өтті. Нәтижесінде 3 команда жеңімпаз атанды:
- Балалар мен жасөспірімдердің эко-санасын қалыптастыруға арналған білім беру бағдарламалары жобасымен Quantum (Байжұма Жандос, Тарғын Айнұр, Мұхаметқали Айару, Алишер Бигали, Мырзатаев Эльдар).