«QazInnovations» ИДЖҰАI» АҚ өкілдері Конгресс орталығында және EXPO халықаралық көрме орталығында өткен «Kazakhstan Machinery Fair 2022» халықаралық машина жасау және металл өңдеу мамандандырылған көрмесін тамашалады.
Kazakhstan Machinery Fair – Қазақстандағы жетекші салалық көрме және машина жасау мамандарының, мемлекеттік сектор өкілдерінің және әртүрлі бизнес қауымдастықтарының басты кездесу орны.
Сарапшылар отандық өндірістік компаниялармен және QazInnovations-тың өтеусіз грантына әлеуетті өтінім берушілермен кездесулер өткізді, инновацияларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды, атап айтқанда, өткізіліп жатқан конкурстар мен инновациялық гранттарды беру шарттары бойынша түсіндірме шаралары өткізілді.
Сондай-ақ сарапшылар машина жасау және металл өңдеудің техникасы, жабдықтары және технологияларының жаңалықтарымен танысты.
Нетворкинг және байланыс алмасу нәтижесі бойынша бірқатар ұйымдармен тығыз ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.