Бүгін QazInnovations командасы өңірлік бизнес-инкубаторларды қолдау бағдарламасы аясында Қызылордаға келді. Бұл бағдарлама өңірлердегі инновациялық белсенділікті ынталандыруға және жергілікті инноваторларды тартуға бағытталғанын еске сала кетеміз.
Алғашқы кездесу Қызылорда облысы бойынша «Атамекен» ҰКП директорымен өтті, оған QazInnovations өнімдері мен қызметтері таныстырылды. Нәтижесінде инвесторлар және әлеуетті грант алушылар ретінде өңірдің бизнес-қоғамдастық өкілдерін тартуға келісілді.