Кеше «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ алаңында еліміздің бизнес-инкубаторларының өкілдерімен кездесу өтті.
Жиын барысында Басқарма төрағасы Санат Жолдыханович Аханов Бизнес-инкубациялау қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ тараптар бизнес инкубаторлардың қызметін қолдау бойынша ұсыныстарды да талқылады.
Кездесу нәтижесінде QazInnovations-ке Бизнес-инкубациялау қағидаларына тұжырымдамалық ұсыныстар беру туралы келісімге, сондай-ақ еліміздің өңірлік хабтарын қолдау бағдарламасын тиімді түрде жүзеге асыру үшін осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.