«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары І: Құзыреттер орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғанын хабарлайды.
Гранттық бағдарламаның мақсаты – жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу, зертханалық ауқымда өндірістік процестерді модельдеу және жетілдіру («модельдік фабрика»), сондай-ақ саланы дамыту бойынша талдау және ұсынымдарды әзірлеу арқылы өнеркәсіптің жүйелік салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттер орталықтарын құру.
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 19 тамызда басталды, 2022 жылғы
20 қыркүйекте Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады.
Гранттық бағдарлама бойынша толық ақпаратты Жобаның сайтынан таба аласыз www.fpip.kz.
Барлық сұрақтар бойынша consortia@fpip.kz электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз.