Меморандумның мақсаты өзара тиімді шарттарда және осы Меморандумда көзделген ережелерге және Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті ережелеріне сәйкес акселерациялық бағдарламалар, инновациялық қызмет және инновациялық қызметті ақпараттық-талдамалық қолдау саласындағы өзара ынтымақтастық және кооперация тетіктерін қолдау және дамыту болып табылады.
Меморандум шеңберінде тараптар әлеуметтік-экономикалық прогреске және индустриялық – инновациялық дамуға, сондай-ақ өзара қатынастарды ілгерілетуге, дамытуға және нығайтуға жәрдемдесуге бағытталған бірлескен іс-қимылдарды қабылдайды.