ТОЛЫҚ ӨТІНІМДЕРДІҢ САРАПТАМАСЫ
- Технологиялық сараптама – технологиялық іске асырылуы, шаралардың жеткіліктілігі және олардың жарияланған жұмыс көлемі мен мазмұнына таралуы бағаланады, жобаны іске асыру тәуекелдері және жобалық команданың біліктілігі анықталады.
- Қаржылық-экономикалық сараптама – жобаның іске асырылуының экономикалық орындылығын және қаржылық-экономикалық моделін бағалау мақсатында жүргізіледі. Жоба бойынша шығындардың негізділігі тексеріледі.
- Құқықтық сараптама – инновациялық гранттар алуға өтінімдердің мазмұнының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бағалау және құқықтық талдау.
Жобаның презентациясы қарастырылған ба
Кеңес алдында жобаның питчингі ұйымдастырылады, оның қорытындысы бойынша инновациялық грант беру немесе оны көрсетілетін қызметті алушыға беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
ҚОРЫТЫНДЫЛАР
Жоба питчингінің сәтті аяқталғаннан кейін жоба питчингінен өткен өтінім беруші мен «Qazinnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ арасында инновациялық грант беру туралы шартқа қол қойылады.
Грант қаражаты қашан және қайда аударылады
Жобаны іске асыруға қаражат аудару үшін банкте жобаға қатысы жоқ операцияларды жүргізу құқығынсыз оларды депозиттеу шартымен эскроу шот ашылады.
Ақпарат алу үшін телефон: +7-775-623-14-22, +7-7172-79-25-81 (ішкі номер 581), +7-7172-79-25-80 (ішкі номер 580)