Назар аударамыз!
– Өтінім берушінің гранттық қаржыландыру жөніндегі Кеңес (бұдан әрі-Кеңес) мүшелерімен ауызша, жазбаша, телефон арқылы сөйлесуге және инновациялық грант алуға өтінім берілген жобаға қатысты өзге тәсілдермен олармен байланыс жасауға құқығы жоқ. Өтініш берушінің бұл әрекеті кеңестің инновациялық грант беру жөніндегі шешіміне ықпал ету әрекеті ретінде бағаланатын болады. Өтініш берушінің мұндай әрекетінің расталған фактісі жобаны қараудан алып тастауға және оны «ИТТО» АҚ сайтында орналастырылатын жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізуге әкеледі.
– Мәлімделген жобаға инвестор ретінде Кеңес мүшесін тартуға жол беріледі. Бұл жағдайда Кеңес мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы туралы «ИТТО» АҚ-ға дереу хабарлауы тиіс және өтінімді қарауға, өтінім жобасына сараптама жүргізуге және мүдделер қақтығысы туындаған инновациялық грант беру немесе беруден бас тарту туралы шешімдер қабылдауға қатысудан шеттетілуі тиіс.
– Қалған барлық жағдайларда Кеңес мүшелері уәкілетті органға және «ИТТО» АҚ-ға оның уәкілетті органның және қоғамның мүддесінде әрекет ету қабілетіне әсер ететін нақты немесе ықтимал мүдделер қақтығысының кез келген жағдайы туралы жазбаша хабарлауға және мүдделер қақтығысы туындаған өтінімді қарауға одан әрі қатысудан шеттетілуге міндетті.
Ашық және адал бәсекелестік мақсатында «ИТТО» АҚ жүйелі түрде және тұрақты түрде ашық алаңдарда түсіндірме жүргізіп отыратынын естеріңізге саламыз. Сондай-ақ, пилоттық конкурстың қорытындысы бойынша өтініш берушілермен жалпы кері байланыс алу үшін Кеңес мүшелерімен кездесу өткізу жоспарлануда.